ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ораза айт мейрамының құрметіне орай жамағат арасында ұйымдастырылған ұлттық ойындар «Түйе палуан» сайысымен жалғасын тапты.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додада мешіт жамағатынан құралған палуандар бақ сынасты.
Сайыста жүзден жүйрік озған палуандарға облыс имамы жүлделі орындарды табыстап, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды қанжығасына байлаған сайыс жеңімпазы Ерсін Серікұлына умра қажылығының жолдамасы тарту етілді.
Екінші орын Мұхтар Дәлелханұлына тиесілі болып, 250 000 теңгені олжаласа, жүлделі үшінші орын Ақжігіт Алтынбекұлына бұйырып, 150 000 теңгені иеленді.