Бізден бұрынғы үмметтердің ішінде бір тақуа кісі өзінің замандастарын құлшылықта басып озады. Оның керемет құлшылығы жайлы сол заманның пайғамбарына айтылады. Сонда пайғамбар:
– Неткен керемет жан! Әттең бір сүннетті тәрк етпегенінде ғой! – дейді. Бұл сөз әлгі тақуа жанға жетіп, уайымдап, пайғамбарға келіп, мұның анық-қанығын сұрайды. Пайғамбар оған:
– Сен үйленуді тәрк еттің, – дейді. Ол:
– Мен үйленуді өзіме харам санаған жоқпын. Бірақ кедеймін, өзгелерге мұқтаж жанмын, – деп себебін түсіндіреді.
– Онда мен саған өз қызымды беремін, – деп, пайғамбар оны өз қызына үйлендірген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ