Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде сахабалардан:
– Тозақ кімге харам болатынын білесіңдер ме? – деп сұрайды.
Сахабалар:
– Алла және Оның елшісі (с.ғ.с.) жақсы біледі, – деседі.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Жұмсақ, қарапайым адамдарға тозақ харам болады[1], – дейді.
Әбу Хурайра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала қарапайым, жайдарлы кісіні жақсы көреді»[2] дейді.
[1] Тирмизи
[2] Байхақи (Шуғабул-иманда)
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ