Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында бүгін алғашқы финалдық жекпе-жектер өтті.
Отандасымыз, команда капитаны Төрехан Сабырхан кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды!
Төрехан Сабырхан бұл чемпионатта ерекше бокс үлгісін көрсетті! Өзінің қазақ боксының болашағы екенін дәлелдеп келеді.
Айта кетсек, Төрехан рингте ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы!
Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!