Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мұсылмандары Діни басқармасы төрағаларының кеңесі жанынан құрылған «Пәтуа Үйлестіру тобы» 16 маусымды Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп бекітті.
Имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мерекесі болған Құрбан айтпен барша мұсылман қауымын құттықтап, түркі-ислам әлеміне және адамзатқа бақ-береке, бейбітшілік пен зор денсаулық тілейміз!
«Пәтуа Үйлестіру тобы»
Қайнар көзі:
muftyat.kz