Палеонтологтар Нью-Мексико штатынан бұған дейін белгісіз болған тираннозавр түрінің сүйектерін тапты. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілер Scientific Reports ғылыми журналында жарияланған мақалада бұл жаңалық ғалымдарды ежелгі жыртқыштардың шығу тарихын ашуға жақындататынын атап өткен.
– Тираннозаврлардың пайда болған орны мен уақыты әлі күнге дейін белгісіз: олар Азияда, қазіргі Солтүстік Американың батыс бөлігі Ларамидияда да пайда болуы мүмкін деген болжамдар бар. Біз бұған дейін Ларамидия аумағында корольдік тираннозаврлар пайда болғанға дейін 6-7 миллион жыл бұрын өмір сүрген Tyrannosaurus mcraeensis тираннозаврын таптық, – деп жазады зерттеушілер.
Бұл жаңалықты Бат (Ұлыбритания) университетінің доценті Николас Лонгричтің ғылыми тобы осы ғасырдың басында Нью-Мексиконың оңтүстігінен табылған ежелгі тираннозаврлардың жақ және омыртқа сүйектерінің фрагменттерін зерттеу кезінде ашты. Бастапқыда палеонтологтар оларды корольдік тираннозаврлар тобына (Tyrannosaurus rex) жатқызды. Алайда ғалымдардың басқа тобы бұған күмән келтірді.