ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен кездесті.
Компания – танымал «TiJi» телеарнасының уәкілетті органы.
Телеарна негізінінен балалар контенін жасаумен айналысады.
Әлемнің 20 елінде, 14 тілде хабар тарататын арнаның қазақстандық контентке қосатын үлесі мол болмақ.
Балаларымыздың қазақша меңгеруіне де әсері көп.
Тараптар кездесуде компания өкілімен ортақ контенттер жасау, қазақтың аңыз-ертегілерінен кейіпкерлер жасау, анимацияны дамыту жағынан бірге жұмыс істеуге уағдаласты.