Сирия мен Ирак жеріндегі «халифат» тақырыбының аясы күннен-күнге тарылып келеді. Таяу Шығыстағы «ДАИШ» және тағы да басқа террористік ұйымдар өздерінің «әлемдік жихад» идеяларын басқа да локацияларға көшіруге бүгіннен дайындалып жатыр. Ол құбылысты Орта Азия мен Еуропадағы ұяшықтарының белсенділігінен байқауға болады.
Жасырын ұяшықтар
ДАИШ толықтай жеңіліске ұшырады деп айтуға әлі де ерте секілді, себебі, бұл террористік ұйымның ұяшықтары Ауғанстан мен Ливия, Еуропа, Азия мен Синай түбегінде өз желілерін ұйымдастыру үстінде. Көптеген көшбасшылары да әлі тірі. ДАИШ ұйымы 1998 жылдан бері Иордания жерінен бастау алып, бүгінге дейін өз тіршілігін жалғап келеді. Бұл дегеніңіз террористік қозғалыстың орын алған жағдайлар мен мәселелерге жақсы бейімделетінінің белгісі. «Халифаттық» идеялары күйреуге ұшырағанымен сол бейімінің арқасында «ұяшықтық» желіге айналып бара жатқан секілді.
Бұл ұяшықтарың басым көпшілігі Еуропада орын тепкен екен. Еуро полицияның (Еуропол) мәліметтері бойынша, 30 мыңнан адам астам жасырын террористік ұяшықтардың тізімінде. Еурополдың басшысы Роб Уайнрайттың айтуынша, «соңғы жылдары кәрі құрлықта жасырын ұяшықтардың қызметтері өте белсенді деңгейде. Соған байланысты Еуропаны террористік қауіп-қатердің жаңа толқыны күтіп тұрғандай» – дейді. Бұған дәлел ретінде бірнеше мемлекеттің қауіпсіздік қызметтерінің мәлімделері болып отыр. Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің сараптамасы бойынша, 2018 жылы ел территориясында террорлық актілердің болу қауіпі жоғары Франция мен Германияда террорлық қауіпсіздік деңгейі алаңдайтындай жағдайда екенін мәлімдеп отыр. Батыстық қауіпсіздік саласының мамандарының айтуынша, әлемдегі зорлықшыл терроризм мен экстремизмнің қауіпі әлі де жоғары деңгейде.
Ipsos Зерттеулер ұйымының статистикалық мәліметтері бойынша «терроризмді» қауіпті деп израилдықтардың 38 пайызы таңдаса, Түркия, Ұлыбритания, Франция және Германия мемлекеттерінің халқы террор тақырыбы бойынша қорқыныш пен үрейге берілген бестікті қорытындылап отыр.
Орта Азия елдеріндегі жағдайға келсек, Солтүстік Кавказ бен Ауғанстан жерлеріндегі «ұйқыдағы ұяшықтардың» белсенділігінің пайда болуымен бұл аймақта да террор қауіпі қайта күн тәртібіне шығуы мүмкін.
Біздің елімізде мұндай бір орталықтанған жасырын ұяшықтар, құқық қорғау органдарының жүргізген арнайы жұмыстарының арқасында залалсыздандырылған. Егер бар болатын болса да, олар халықаралық террорлық идеология орталықтарынан ажыратылған, инфроструктуралары мен байланыстары өте төменгі деңгейде.
Үйден шыққан террорист
Терроризм мен толқуларды зерттеулер институты (Terrorism and Insurgency Center, JTIC) сарапшыларының зерттеу қорытындылары бойынша, 2017- 2018 жылдары аралығында қарулы қақтығыстар болып жатқан Сирия мен Ирак аймағынан «оралған – террористердің» дүмпуі болады деп күтілгенмен оралғандардың саны төмен деп есептесе. Соңғы жылы Сирия жеріндегі қарулы жихад қатысқан 22 000 – 30 000 мыңдай шет елдік азаматтардың 30 пайызы өз елдеріне оралған. Және де олар өте сапалы әскери дайындықтардан өткен. Жарылғыш заттар мен қару-жарақтың түр-түрін меңгерген, автокөліктік бомбалар мен пилотсыз ұшқыш аппараттарды басқаруды да біледі.
Ал негізгі қауіп пен қатер «үй жағдайында дайындалған террористтерден» болып отыр. Яғни ғаламтор желісімен арнайы нұсқалар арқылы террорлық іс-әрекеттерге баратын адамдар тобы. Олардың көбісі өздерін «мұсылманбыз» деп санайтын еуропалық паспорттары бар екінші немесе үшінші толқындағы эмигранттардың ұрпақтары. Радикалдану көрсеткіштері негізінен әлеуметтік жағдайларының төмендігімен және қанды оқиғалардың құрбаны болған жақындарына деген сезімдерден пайда болуымен негізделген. Бельгиялық «Эгмонт корольдік халықаралық қатынастарды зерттеу орталығының» 2018 жылы шығарған баяндамасына көз жүгіртсек, 2018 жылы Батыс Еуропада болған 16 теракт пен 30-дан астам алды алынған террорлық актілердің барлығы осы «үй жағдайында дайындалған», яғни, ұйқыдағы «ұяшық» белсенділерінің көмегімен ұйымдастырылған.
Еуропадағы ДАИШ ұйымдастырған ең алғашқы терактіден бастап екі негізгі бағытты көреміз. 2015 жылғы Париждегі, Сен-Денидегі теракт, 2016 жылғы Брюссель әуежайындағы терактілердің барлығы Сирия жерлерінде арнайы дайындықтан өткен шетелдік азаматтардың ұйымдастырғаны болса, ал Барселонадағы фургон, Ницца қаласындағы бульдозер, Лондон мен Копенгагендегі шабуылдар Еуропаның азаматтары арқылы іске асырылған болатын. Бұл өте маңызды жәйт, себебі, Сирия мен Ирактағы содырлар қайтуға қатты құлқылары жоқ, алайда бізге қиындық тудырып отырған «үй жағдайында» ғаламтор арқылы нұсқаулар алып отырған потенциалды террористтер. Мәселен, жақында ғана Жаңа Зеландиядағы болған террорлық оқиғаны еске алсақ, сол Крайстчерчтік террористтің өзі үйде отырып-ақ, террористік актіні ұйымдастырудың қыр-сырын ғаламтор желісінен ақпарат алу арқылы дайындаған.
Ешқандай қаржы керек емес
«Үйден шыққан» террористердің арасында белең алған тағы бір құбылыстардың бірі оларға ешқандай да қаржы мен қарудың керек еместігі. Яғни жарылғыш заттардың, қару –жарақтың орнына жәй ғана үлкен габаритті автокөліктердің өзі ғана жеткілікті. Мұндай терактілерді ұйымдастыру үшін, тек қана жергілікті мешіт, мектеп-медреселер мен ғаламтордағы сананы улайтын форумдар жеткілікті. Айта кететіні, бұл әдістердің ішінде өте қарқынды жүріп жатқан – ғаламтор желісі арқылы арбау.
Мысалы, Британиялық «Policy Exchange» сараптамалық орталығы жасаған зерттеу бойынша 2017-2018 жылдар аралығы бойынша радикалды, экстремистік мазмұндағы ақпаратты тұтыну бойынша әлем бойынша Түркия мен АҚШ алда тұр екен.
Соңғы кезде осындай террорлық актілердің құны өте арзанға түсуде. Мұны қорғаныс саласындағы арнайы зерттеулер жүргізетін Норвегияның зерттеу институты (Norwegian Defence Research Establishment, FFI) айғақтап отыр. «Батыс Еуропадағы соңғы жылдардағы террорлық оқиғаларға себепкер болған азаматтардың барлығы дерлік зұлым іс-әрекеттерін өз табыстарына немесе жинаған қаржыларына ұйымдастырған». Бұл террористердің тоқсан пайызы жақсы табыс әкелетін жұмыстармен қамтамасыз етілген болып шықты, тек қана 25 пайызы ғана сырттан қаржыландырылған. Сарапшы мамандардың пікірінше, өзін-өзі қаржыландыратын осындай «жасырын ұяшықтардың» барлығы сырттан келетін қаржыға тәуелсіздіктерін арттыра береді дейді. Болған терактілердің 75 пайызы 10 мың АҚШ доллары көлемінде ғана болған. Сарапшылардың пікірінше, бұл өте қомақты қаржы емес. Осындай арзан террорлық шабуылдар, белсенділердің өз қаражаттарына ұйымдастырылған терактілер болашақта оларды бақылауға, дер уақытында анықтауға көптеген кедергілер келтіретіні анық.
Снадин Асылбек,
дінтанушы, тәуелсіз сарапшы