Сирияның Тель-Рыфат аймағынан террористер Афринге шабуылдады. КЖП (YPG/PKK) террористтердің зымыранмен шабуылында үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі – бала. Шабуыл барысында төрт адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды.
Хатай әкімшілігі террористтердің Тель-Рыфат аймағынан Африн орталығына Түркия уақытымен сағат 14.30-да 13 зымыран атқанын білдірді. Зымыран шабуылынан кейін үш адамның қаза тапқаны анықталды. Төрт адам жарақат алды. Олар төңіректегі ауруханаларға жеткізілді.
Шабуылға байланысты тергеу басталды.