Жақында елордамыздағы бір мектепте 2-сынып оқушысы «Өскенде кім боласың?» деген мұғалімнің сұрағына «Террорист боламын» деп жауап берген. Мәселені анықтағанда бала «Standoff 2» деген ойынды ойнайтын болып шыққан.
Қазіргі кезде түрлі смартфон, компьютер ойындары енді өсіп келе жатқан жасөспірімдерімізге қандай тәрбие беріп жатыр. Біз осы сұрақтың жауабын іздеу мақсатында елордамызда кезекті сауалнама жүргіздік.