2022 жылдың 20 қыркүйек күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында “Отпан”Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қалмурзаев Жасқайраттың ұйымдастыруымен Ақтау қаласы № 1 жалпы орта білім беру мектебінде ” Теріс діри материалдардың қауіптілігі ” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.Сонымен қатар оқушылар арасынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға нақты жауап алынды және обылысымызда 114 қауырт желісі үздіксіз, тегін жұмыс жасайтыны айтылды. Жиналыстың негізгі мақсаты деструктивтік діни ағымдар мен діни радикализмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болып табылады.
Соған қоса қатысушыларға әлеуметтік желілерде діни ақпараттарды таратпау туралы ескертулер айтылып өтті.
Нақтырақ айтқанда:
114 Қауырт желі
Қоңырау шалу тегін !
- Жақыныңызға түсініксіз діри идеяларды айтса;
- Күдікті діни кітаптар, журналдар, кітапшалар, парақтар үлестіру іс-әрекеті мәлім болса;
- Діни тақырыпта күдікті үгіттеу жүргізуге талпынса;
- Діни рәсімдер мен іс-шараларға ұсыныс жасалса;
- Дін саласы бойынша мамандардың көмегі мен кеңесіне жүгінуге мұқтаж болсаңыз.
Біз барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз !