Атырау облысында теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралған.
Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 мәрте теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.
«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі діни бағытқа қайтарылды.
Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар», – дейді Қайролла Көшқалиев.
Дұрыс бағытқа оралғандары жақсы болған екен. Осы орайда Дін Істері Басқармасының атқарып жатқан жұмыстарының орасан зор жауапкершілігі барын аңғаруға болады. Адасқан ағымдағы адамдармен қанша кездесу өткізіп,қанша күш салып,ақыры оңалту шаралары сәтті аяқталып жатқандығы қуантарлық жаңалық екен!
Теріс ағымдағы 86 бірдей адамның дәстүрлі дінге оралғаны жақсы жаңалық. Ертелі-кеш өз бағыттары дұрыс емес екендігін ұғып, солар үшін жасалған жұмыстар оң нәтиже бергендігі Дін Істері Басқармасы мамандары мен теолог мамандардың маңдай терлерінің жемісі.