Алла ниетіңізге жеткерсін. Сауалыңыздың ешқандай ыңғайсыздығы жоқ. Қайта текті жар іздеген орынды талабыңыз елдің ертеңіне алаңдайтын кез келген азаматты сүйсіндіруге тиіс. Аллаға шүкір, қазақта ақыл-парасаты, мінез-мәдениеті көркіне сай қыз балалар жетерлік. Мен де қыз балалардың дәл осы қасиеттерінің тоғысуына көп көңіл аударамын және «қазақ қызы» деген атқа лайық қаракөздерімізді қашанда назарда ұстаймын. Дегенмен олардың атын атап, түсін түстеп, жалпыға жария ету жөн болмас, әрі сіздің жас ерекшелігіңізді білмегендіктен кейбір түсініксіздіктер туындауы мүмкін. Сондықтан менің электрондық мекен-жайыма ( abdirasilkyzy@mail.ru) өзіңіз туралы кеңірек мәлімет жолдауыңызды сұраймын Ары қарай тиісті ақпараттар алмасып, қолдан келген көмегімізді көрсетуге тырысамыз.