KAZISLAM – Уфаның Калинин аудандық соты Ресейде болу режимін бұзған Тәжікстанның 35 жастағы азаматының тағдырын шешті. Республикадағы ФҚҚБ-нің мәліметінше, шетелдік азамат «Тәжікстанның ислам қайта өрлеу партиясы» террористік-экстремистік ұйымының мүшелерімен қарым-қатынаста болғаны байқалды, деп жазады «Башинформ» АА .
«Сот қаулысымен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 2000 рубль айыппұл салынды», — деп мәлімдеді Башқұрт сотының Біріккен баспасөз қызметі.
Сондай-ақ шетелдік азамат Ресейден шығарылады және оның мемлекеттік шекара арқылы өтуі қадағаланады. Сот өкілдері шешім заңды күшіне енбегенін атап өтті.