Сауда-саттықта (мысалы пәтер сату) біреудің өкілі бола отырып (қол хат арқылы немесе ауысша келісіммен), өнімді меншік иесі белгілеген бағадан жоғары бағамен сатуға және айырмашылықты өзіме қалдыруға бола ма?
Жауап:
- Уәкілетті және уәкілеттік берілген тұлға сауда мәмілелерін жасау кезінде номиналды (бастапқы) мөлшерден асатын бағаға ұсынған адамға тауарды сатуға міндетті.
2. Мәмілемен негізінде сауда-саттық арқылы алынған барлық ақша тауар иесіне тиесілі. Сондықтан, оның рұқсатынсыз, айырмашылықты (қосымша табыс ақшаны) өзіңізге қалдыруға құқығыңыз жоқ.
«Мысалы, егер тауар иесі,: «Жүзге сатыңыз» десе, уәкілетті тұлға белгіленген бағадан төмен сатуға құқылы емес. Бірақ егер сатып алушы көбірек беруге дайын болса, ол тағайындалған бағадан жоғары бағаны сатуға міндетті, өйткені әдетте белгілі бір бағаны белгілеу сізді арзанға сата алмайтындығыңызды білдіреді».
_____
Бұл мәселеге қатысты имам ибн Хажар әл-Хайтами. Тухфат әл-Мухтадж, 5-бет, б. 329
Балғабек Мырзаев
Абай атамыз: “Пайда ойлама, ар ойла!” деген екен.
Дұрыс айтасыз, Абай атамыз мына сұраққа бір-ақ ауыз сөзбен жауап берген ғой.