Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік Ұрпақтары» және «Профнавигация» жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды гранттық жобаларды іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.
Брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ өкілі Ернар Жақашев, «Болашақ» қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Әлішер Дүнгенин, BTS Education және «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек баяндап берді.