Бір күні әкем мешітте отыр еді. Кенеттен аяқ жағынан оқтаудай сұр жылан шыға келді. Өрмелеп әкемнің қойнына кіріп бара жатты. Әкем әуелгі қалпын бұзбастан «Бізге Алланың жазғанынан басқасы болмайды. Ол біздің Жаратушымыз…» (Тәубе, 51) деген аятты оқыды да, еш қорықпастан жалаң қолымен жыланды алып сыртқа лақтырып жіберді.
Құдайберді БАҒАШАР