Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Алла тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?», – деп сұрайды.
Сонда Аллаһ тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады. Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Алла тағала:
«Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген екен.
Қ.Сабыржанұлы