Сұрақ: Денеге татуировка салуға бола ма? Денесінде мұндай таңбасы бар адамның бой дәреті, дәреті және намазы қабыл ма?
Жауап: Денеге ине батырып, тесілген жерлерге бояу төгу арқылы жасалатын татуировка надандық дәуірінен қолданылып келе жатқан әдетке жатады. Бұл денсаулыққа зиян болумен қатар дінімізде де тыйым салынған. Яғни назар аударту, әдемірек көріну мақсатымен жаратылысынан берілген сұлулығын өзгерткені үшін оған Ислам діні түбегейлі қарсы [Ниса, 4/119].
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) сәндену мақсатымен денеге тату жасату, тістерін майдалатып өзгертуді болмысын бұзу ұғымында қарастырған және оны іске асырғандар, сонымен қатар, жасауға себепші болғандар Алланың мейірімінен алыс болатындығын білдірген [Бухари, Либас, 83-87; Муслим, Либас, 33]. Сондықтан тату жасату дұрыс емес.
Ия, Алланың жаратылысына қарсы шығуға болмайды. Бірак біле тұра неше түрліні жасайтынымыз өкінішті