Татарстан мұсылмандары діни басқармасының Чистополь мухтасибаты сауда желілеріндегі халал тауарларды тексеретін “Халал патруль” қызметін құрды.
Оның құрамында 15 адам бар. “Бүгінгі таңда 19 сауда нүктесі тексерілді”, – деп хабарлады ТМДБ.
“Халал патруль” қоғамдық тамақтану орындарын да тексермек. Оның қызметкерлері алдын ала ТМДБ Халал стандарты жөніндегі комитеті мен мухтасибат ұйымдастырған “халал” және “харам” түсініктері бойынша курстан өткен.
Алдағы уақытта патруль құрамы күшейтілмек: мухтасибат ниет білдірушілерді қабылдауға дайын.