Атыраудағы «Амангелді ЖК» балық өнеркәсібі мен «Ташкент плов» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты сертификатын иеленді.
ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорындардың халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.
Сертификатты «Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал даму» мекемесінің аймақтағы өкілі Қайрат Аманжолұлы табыстады.