Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында қазақ боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 2-орыннан көрінді. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Махмуд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай алтын алса, Дулат Бекбауов күмісті қанағат тұтты.
Айта кетейік, осы сында чемпион атанған 13 боксшының 12-сі – мұсылмандар. Қазақстанның 4 боксшысы және Өзбекстанның 5 боксшысынан бөлек, Ресейдің Шарабутдин Атаев пен Муслим Гаджимагомедов есімді және Францияның Суфиян Умия есімді боксшысы да мұсылмандар.