Құран Кәрім Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарға келген 610 жылдары,[1] дәлелдеуі немесе білуі мүмкін болмаған жаратылысқа немесе кейбір ғажайыптарға қатысты, технологияның көмегімен Құраннан қателіктер іздеушілердің басты назарында болған аяттардың бірі «Тарық» сүресінің жетінші аяты.
Құран аяттарын толық түсінбеген немесе түсінгісі келмейтін адамдардың басым көпшілігі – атеистік бағытты ұстанушылар.
Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы М. Тоғжігітов 1968 жылы «Құран туралы ақиқаттар» деген кітап жазады. Басым көпшілік қауым бұл кітаптың мұқабасына қарап, мұсылмандықты насихаттайтын кітап екен деп ойлайды.
Алайда, бұл кітаптың ішін оқысаңыз, «Құранда қателер бар, олар мыналар…» деп көптеген дәлелсіз, дәйексіз сөз қозғаған. Заманының муфтиі болған С.Ғылмани, 1972 жылы М.Тоғжігітовтың «Құран туралы ақиқаттар» кітабына қарсы «Құранға жабылған жалалар мен өтіріктер» деп еңбек жазады[2]. Бұндай пікірлер біздің қоғамда болғанындай, батыс елдерінде технологияға жүгініп көптеген дәйексіз ойлар айтылып жүр.
Бұндай қате пікірдің таралуына басқалар емес, мұсылмандар өзімізді кінәлауымыз керек. Өйткені бұл аяттың мағынасын уақытылы ашып айтпағанымыз үшін, осындай мәселелерге тап болудамыз.
Соның бірі, «Тарық» сүресінің 7-аятында, ұрықтың бел омыртқа мен қабырға сүйегінен қалай шығады, ұйыған қаннан шығады дегеніміз қайда немесе ұрықтың қанның бірігуінен шығатынын дәлелдедік, бұл аят қате деген пайымдама жасалған.
Құран Кәрімді түсіну үшін, барлық аяттарды бір-бірімен байланыстaрын білу, түскен уақытын және сол уақыттағы оқиғамен қатар, араб тілін жетік меңгеру қажет. Біз «Тарық» сүресінің тек 7-аятымен шектелмей, 5, 6, 7 және 8-аяттарын қоса ала отырып түсіндіруді жөн көрдік.
5 аят: Адам өзінің неден жаратылғанына бір назар аударсын.
6 аят: Ытқыған судан жаратылды.
7 аят: Бел омыртқа мен қабырға сүйектері арасынан шығады.
8 аят: Күмәнсіз Алла оны қайтаруға күші жетеді – делінген аятта.
Бесінші аят «Адам өзінің неден жаратылғанына бір назар аударсын» деп ескертпе сөзі қолданылған. 6-аятта «Ытқыған судан жаратылды» деп ытқып шыққан ұрықтың етпен сүйекке айналып жан бітіп, яғни ұрықтың адам кейпін алып қойғанын білдіреді.
Алайда қайда екенін білдіру мақсатында, 7-аят айтылады «Бел омыртқа мен қабырға сүйектері арасынан шығады» деп әйелдің жатыры орналасқан, «Әс-Сулб» бел омыртқасы мен «Әт-Тараиб»[3] қабырға сүйектері деп, шарананың қай жерде екенін білдіру мақсатында айтылған.
Омыртқа мен қабырға сүйектерінің қосындысынан шықты деген мағынада айтылмаған. 8-аятта да «Күмәнсіз Алла оны қайтаруға күші жетеді» делінгені өмір сынағына бара жатырсың, ол жерде «Жаратушыңды ұмытпа, қайтар жерің менің қасым» деген пайымда айтылған сөз.
Исатай Бердалиев
Ислам Құқық ғылымдарының докторы
[1] Ислам энциклопедиясы «Құран» бабы.
[2] И.Бердалиев, Ғылманидың ғылымдағы ерліктері, https://www.academia.edu/
[3] Мутшалы, Әл-Муғжаму л-Араби л-Хадис, «с», «т» бабтары.