Мұхтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігінде түзе. Бесігін түзей алмаған елдің болашағы жоқ» дейді. Бесіктегі балаға қисса, ертегілер, ата-бабамыздың тарихын, аңыз-әпсаналарды айтпаса, ол өзінің баба салтынан алыстау болып өсуі кәдік. Ондай жанның кейін жат ағымдарға кетіп кетуі де мүмкін. Өйткені халқын, жерін сүймеген адам оны кез келген қиянатқа қия салады.