Ата-анаға жақсылық жасау, берген уәдесінде тұру, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау, туған-туысқа көмектесу, кедей ақысын жемеу, ешкімнің ала жібін аттамау, адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, құрмет көрсету, бауырмалшылдық, шыншылдық, турашылдық, әр бір істе әділетті болу, ынтымақтастықты жарастыру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, тіл табысу, жауапкершілікті сезіну, еңбекқорлыққа, жомарттыққа т.б. да жақсы қасиеттерге баулиды.
Құран Кәрімде ең көп мән берілген жақсы қасиеттің бірі-әділеттілік. Әділетті болу дегеніміз – адамдардың ақысын жемеу, әлсіздерге көмектесу. Жаратушымыз дін, тіл және ұлт ерекшеліктеріне қарамастан адамдар арасында әділетті болуды бұйырады. Мұсылмандар адамзат тарихында әртүрлі діндерге сенетін түрлі ұлт өкілдерімен түсіністе өмір сүреді.
Жалғас АСХАТ,
дінтанушы