Сұрақ: Таң намазының қазасы туралы сұрайын деп едім. Біреулер сүннетінің қазасы қоса өтеледі десе, енді біреулер тек парызының ғана қазасы өтеледі дейді. Қайсысы дұрыс?
Жауап: Уақытында оқылмаған таң намазының қазасын сол күні түстен бұрын (зауал уақыты кірмей тұрып) өтемекші болсаңыз, сүннетінің де қазасы бірге оқылады [Фәтәауи Хиндие, 121].
Себебі, Әбу Дәуіттің хадистер жинағының «Намаз» бабында келген хадисте Алланың ақырғы елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір жолы оқи алмай қалған таң намазының қазасын бесін намазынан бұрын өтеген. Сол кезде (с.ғ.с.) таң намазының сүннетінің де қазасын бірге өтегені айтылады [Әбу Дауыт, Салат, 11].
Ал, басқа намаздардың сүннетінің қазасы жайлы айтар болсақ, оқылмаған сүннеттердің уақыты өтіп кеткеннен кейін қазасы өтелемейді.