Талибанның Катардағы Саяси кеңсе басшысы Молла Абдул Ғани Бирадер Ауғанстанда мақсаттарына осыншама тез жететіндерін күтпегенін айтты.Бұл туралы TRT жазады.
Молла Абдул Ғани Бирадер Талибанның Кабул сынды ірі қалаларда билік құруына байланысты мәлімдеме жасады. «Осындай табысқа осыншама тез уақытта және жеңіл жететінімізді күтпеп едік» деді ол.
Ол «Өркөкірек болмауымыз керек. Бұдан бұрын еш басымызға келмеген ауыр жауапкершіліктеріміз болады. Енді емтихан уақыты. Қазір еліміз азаматтарына қызмет ұсыну, қауіпсіздік және тұрмыс шарттарын жақсарту тұрғысынан өте маңызды емтиханнан өтеміз. Адамдарды өмірлері мен болашақтарын қорғаймыз деп көндіруіміз керек» деді.
Талибанның Катардағы Саяси кеңсесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед Наим де Кабулда «елшіліктер, дипломатиялық миссиялар және шетел азаматтары үшін қауіп жоқ екенін» айтты. Ол ел көлемінде қауіпсіздікті сақтайтындарын білдірді.
Америка Құрама Штаттары мен Талибан арасында 2020 жылдың ақпан айында келісілген келісім шеңберінде халықаралық күштердің Ауғанстаннан кету процесі басталған болатын. Келісімде шетел әскерлеріне шабуылдамау көзделген. Ауған үкіметін Катардағы келіссөздерін жалғастырған Талибан сонымен бірге маусым айынан бері де Ауғанстандағы шабуылдарын арттырды.
Кеше бас қала Кабулды қоршаған Талибан президент Ашраф Ғани елден кетіп, үкімет күштері қаладан шыққаннан кейін қаланы толығымен бақылауға алды.