4 сәуірде Талдықорғанда «Бекет-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облыстық жедел штабынан хабарлағандай, шараның мақсаты – түрлі лаңкестік қауіптерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Штабта атап өтілгендей, оқу-жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын.
Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, көлік құралдары мен тұрғындардың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырылады.