Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шетелдік оқу орындарында діни білім алып жатқан ел жастарымен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында 2019 жылы «Талаба» қауымдастығын құрды. Қауымдастық қазақстандық студенттерге әлеуметтік қолдау білдіріп, әртүрлі діни ағымдардың уағызына алданып қалмауын қадағалап және шәкірт пен мүфтият арасындағы байланысты күшейту барысында алтын көпірге айналып отыр. Бүгінде жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстар өз жемісін беруде.