ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбековтің айтуынша, діни сауаты жоқ жастар шетелге шығып, әртүрлі жамағаттардың, топтардың, саяси ағымдардың марказдарына, жатаханаларына, солардың қорлары қаржыланыратын оқу орындарына, курстарына түсіп кету ықтималы бар. Осыған орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Талаба» қауымдастығын құрып, жандандырды. Мысырда, Түркияда, Сауд Арабиясында арнайы ҚМДБ өкілі бекітлігнен. Оның мақсаты – өз бетімен діни оқуға барған балаларға бағыт-бағдар беріп, қадағалау. Бұл игі істің нәтижесі жоқ емес.