ҚМДБ тарапынан бекітілген «Ізгі қоғам» бағытының жылдық жоспарындағы «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» жобасы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округіне қарасты Бояулы ауылында жалғасын тапты.
Жергілікті мешіт қызметкерлері және ауыл азаматарының насихат жүргізуінің нәтижесінде Бояулы елді мекеніндегі дүкендерде ішімдік сату толығымен тоқтатылды.
Осыған орай Бояулы ауылдық «Молдақасым» мешітінің имамы Сәкен Сайлауұлы дүкендерді аралап, сатушылардың кәсіптеріне береке тіледі. Бұдан бөлек осынау игі бастамаға үлес қосқан дүкен иелеріне алғыс айтты.