Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен табиғат аясында ерекше рухани шара өтті.
«Берекелі алтын күз – Алланың шексіз нығметі» тақырыбында мешіт ауласында өткен шара Алла Тағаланың адамзат баласына беріп жатқан сансыз нығметтерін көре білу, қадірлеу, шүкіршілікті арттыру, ысырап етпеу мен шүкірді қадірлеуді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында әйел жамағатына арналып ұйымдастырылды.
Рухани басқосуда «Ризықтың болмысы мен түрлері» тақырыбында уағыз-наихат айтылып, күз мезгіліндегі жеміс-жидек, дәнді -дақылдарымыз, ризық-несібеміз арта берсін деп дұға жасалды. Сонымен қатар түрлі икебана, композициялардан «Алтын күз берекесі» көрмеге қойылды.
Одан өзге шараға қатысушылар арасында «5 парыз», «Нығметтерді қадірлеу», «Мен білемін…», «Пайғамбарлар қиссасы» секілді танымдық және қимыл-қозғалыс ойындары ойналды. Кеш соңы Әр-Раззақ болған Аллаға зікір, дұға, мадақтар айтумен тәмамдалды.