Хасан Басри былай дейді:
«Ей, адам баласы! Амалыңа аса мұқият бол. Амалың – сенің етің мен қаның. Амалыңның қандай күйде екеніне аса мән бер. Өйткені, тақуа жандарды танып білетін белгілер бар: сөзде шыншылдық, уәдеге беріктік, туыстық қарым-қатынаста һәм әлсіздерге мейірімді, мақтану мен тәкаппарлыққа жоқ, жақсылықта алдына жан салмайды, адамдармен бәсекелестікке түспеу, көркем мінез, Аллаға жақындататын істе кеңшілік танытуынан байқалады.
Ей, адам баласы! Сен өз іс-әрекетіңнің жақсысы мен жаманы таразыға тартылып тұрғанын көріп тұрсың. Ешбір жақсылыққа немқұрайлы қарама, ол болмашы болса да, сені қуантады. Сол сияқты ешбір жамандыққа немқұрайлы қарама, оның түбіне қарасаң, сені жамандыққа алып барады.
Ей, адам баласы! Дүниеңді ақыретің үшін саудаға тік, екі дүниеде де табысқа қол жеткізесің. Бірақ, дүниең үшін ақыретіңді саудалама. Олай етсең, екі дүниең де шығынға ұшырайды»,-деген екен.
Руслан ҚАМБАР