«Расында мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Алла әуелі қаламды жаратты. Сөйтіп, оған: «Жаз!», – деп бұйырды. Ол: «Уа, Раббым! Не жазамын?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Қиямет күніне дейін күллі нәрсенің тағдырын жаз!» – деп бұйырды», – дегенін есіттім».
Құлыным, сондай-ақ, мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Кім де кім осыған иман келтірмей өлсе, менің (үмбетімнен) емес», – деп айтқанын есіттім» (Әбу Дәуіт).
Сол себепті Исламда тағдырға иман келтіру – парыз.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ