Сұрақ: Тәубе деген не? Шынайы тәубе қалай жасалады?
Жауап: Сөздік мағынасы бойынша тәубе өкіну, пұшайман болу, кері қайту деген мағынаға келеді. Ал Ислами термин ретінде тәубе құлдың жасаған жамандықтары мен күнәларына пұшайман болып, оларды тәрік ете отырып, Аллаға бет бұруы, әмірлеріне мойынсұнуы және тиымдарынан бас тарту арқылы Аллаға сиынып, кешірілуін тілеу.
Күнәларына байланысты тәубе ету парызға жатады. Құранда тәубе және тәубеге байланысты туынды сөздер 86 жерде кездеседі. Тәубе әзіреті Адамнан бастау алып, бүкіл адамзаттың басты нышаны деп көрсетуге болады. Бір аятта тәубенің шынайы болу керектігі айтылған. (Тахрим, 88/8].
Шынайы тәубе дегеніміз шын пейілмен, парасаттылықпен және күнәға қайта бет бұрмауға бел буа отырып жасалады. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с) да басқа мәселелердегідей тәубеге келгенде де үмбетіне үлгі өнеге көрсетіп, мүміндерді тәубе етуге шақырып отырған. (Бухари, Дәауат, 4; Мүслім, Тәубе, 1, 7 8]
Раббымыз бәріміздің де тәубемізді қабыл еткей! Әмин!
Сіздерге Алла разы болсын!