Баланың дене бітімінің жетілуі дегеніміз ол түсіктің шашы, тырнағы, қолы, аяғы, саусағы белгілі болумен анықталады. Ал егер баланың дене бітімі анық болмай, тіпті бала бейнесінде жетілмеген болса, онда анасынан аққан қан нифас қаны емес, ол хайыз қаны болып саналады. Екінші жағдайда қан он күннен артық ақса, он күн болғаннан кейін ғұсыл алып, намазға бастау қажет болады.