Асылжан: Ассалаума алейкум! Менің бір құрбым түрмеде отырған адамға тұрмысқа шыққан. Енді ол кыздың некесі кате деп табылады ма?
Ершат Оңғаров: Уа алаейкумсалам! Сұрағыңызға рахмет, Асылжан!
Иә, шынымен де бүгінгі таңда неке мәселесі өте нәзік, әрі маңызды болып отыр. Оның ішінде түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан бас бостандығы жоқ азаматтардың сырттағы айелдермен некеге отырулары күрделі мәселеге айналды. Әсіресе, жат діни ағымдардың жетегінде жүргендер әлеуметтік желілер арқылы қыз балаларды алдап-арбап абақтыда отырып неке қидыруы үлкен проблема тудыруда.
Қазіргі қоғамда шариғи неке қию жолдары толық бір жүйеге түспеген. Олай дейтін себебім, АХАЖ бөліміне тіркелген жұптардың ғана некелері қиылуы керек. Оны тек мешіт имамдары ғана қиғаны дұрыс болады. Ал түрмелерде некені имамдар емес, кездейсоқ адамдар қиып жатыр.
Осыған орай, мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөліміне түзеу мекемесінде қиылатын неке мәселесінің мән жайын анықтап, шешім қабылдап, пәтуа шығаруға ұсыныс жасадым.
Түрмеде қиылатын некенің күрделілігі мынада: ер мен әйелдің бір бірімен некелесуге риза болуы, келісуі тұрғысынан қарағанда неке дұрыс көрінгенімен, басқа шарттары толық орындалмағандықтан, оны дұрыс деп санауға болмайды. Атап айтқанда:
– қыз бала ата-анасының разылығын алмауы;
– некеге тұрып жатқан әйелге мәһір беру, оны баспанамен, азықпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету, өмірге келген баланы асырау күйеуіне жүктеледі. Абақтыда жатқан бейшара бұлардың бәрін қалай орындамақ?
– жыныстық қатынастың ұзақ мерзімге үзілуі. Бұл жағдайда әйел адамның құқы тапталады;
– және ең бастысы бостандығының болмауы. Бостандық ер мен әйелдің арасындағы тепе-теңдіктің бір өлшемі. Күйеудің түрмеде жатуы бұл шартты бұзады.