Жас қазақ: Қазіргі талқыланып жатқан дін туралы заң жобасында нақты қандай жаңалық пен өзгеріс бар?
Т.Әбуов: Өзіңізге мәлім, Министрлік еліміздегі дін саласының бүгіні мен дамуы туралы бірегей түсінік қалыптастыру мақсатында «Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, ол Елбасы Жарлығымен бекітілді. Тұжырымдаманың мақсаты – діни саланы реттеуге байланысты 2020 жылға дейінгі ғылыми-теориялық негізді айқындау. Елдегі дін саласын реттеу жөніндегі заңнамалық-басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараны анықтау. Қазақстандағы зайырлылық қағидатын нығайтуды көздейтін тұжырымдаманың өзегі – отандастарымыздың діни сенім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету.
Осы тұжырымдама негізінде уақыт талабына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестік мәселесі бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі күнде олар қоғам талқысынан өтуде. Талқыланып отырған заң жобасында шетелде діни білім алу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кезінде діни рәсімдерге қатысуы, діни жоралғы мен рәсім бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа талап көрсетілген. Заң жобасы аясында, сондай-ақ қоғамдық орында адамның бет – жүзін тұмшалайтын киім түрін киюге, таратуға шектеу қою және БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, құжатта діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігіне баға беру жүйесін енгізу, діни қатынас субъектілерінің қызметіне дін саласындағы уәкілетті органның бақылауын күшейтуге бағытталған.
Талқыланып жатқан Заң жобасындағы кейбір мәселеге тоқтала кетсем… Мәселен, азаматтардың шетелдердегі діни оқу орындарында білім алуын реттеу мәселесі әлдеқашан пісіп-жетілген мәселе болатын. Осы заңнамалық өзгеріс негізінде шетелде діни білім алғысы келетіндер үшін аздаған шектеу енгізілмек. Нақты айтқанда, шетелде діни білім аламын деушілер заң қабылданғаннан кейін жоғары діни білімді өз елімізде алып, жоғарыдан кейінгі білімді ғана шетелде ала алатын болады. Бұл буыны қатпаған, дүниетанымы әлі қалыптасып үлгермеген жастарымызды теріс ағымның теріс идеясынан сақтандыру және қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаншама жастарымыз шетелге білім іздеп кетіп, ол жақтан әртүрлі ағым идеологиясын елге әкелді емес пе?! Әкеліп қана қоймай, сол идеологияны насихаттау үшін теріс уағыз да жүргізген болатын.
Әрине, заңнамалық өзгерістер бойынша қоғам тарапынан түсіп отырған басқа да ұсыныстар көп. Егер бұл ұсыныс дін саласын реттеуге септігін тигізетін болса, олар белгілі бір заңнамалық талаптан көрініс табатын болады. Жалпы, заңнамалық өзгеріс дін саласын реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыруға, мемлекет пен діни бірлестіктіңарасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бағытталмақ.
Жас қазақ:Жігіттердің ұзын сақал қоюы, шолақ балақ шалбар киюі, қыздардың қара жамылғы оранып, бет-жүзін тұмшалап жүруі қоғамда үнемі талқыланып жататын тақырыптардың бірі. Қазіргі талқыланып жатқан дін туралы заңда бұл мәселе қарастырылған ба?
Т.Әбуов:Кез келген форманың ар жағында белгілі бір мазмұн, идея тұрады. Мысалы, мемлекеттік мекемелерде неге діни атрибутика мен рәмізге тыйым салынады? Өйткені кез келген атрибутика мен рәміз белгілі бір идеяның насихат құралы болып табылады.
Дегенмен,заң жобасындашолақ балақ шалбар киіп жүретіндерге және сақал мәселесіне қатысты нақты ұсыныс жоқ.Десек те, қоғам тарапынан оған және басқа да мәселеге қатысты ұсынысенгізіліп жатса, кез-келген ұсыныс мұқият қаралатын болады.
Жас қазақ: Түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің арасында теріс ағым өкілдері көп дегенді жиі естиміз. Діни қызметпен айналысатын мекемелер жазасын өтеушілермен қаншалықты тығыз байланыста жұмыс істейді? Түрмедегі жазасын өтеушілермен дін төңірегінде сұхбат жүргізу заңда қарастырылған ба?
Т.Әбуов:Аталған мәселе заң жобасында арнайы қарастырылмаса да, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жолға қойылған. Әсіресе,мақсатты реабилитация жұмысы тәуекел топтармен, яғни экстремистік ағым идеологиясының ықпалына түскен адамдарды теологиялық тұрғыдан дәстүрлі сенімге қайтару мақсатында жеке жұмыс жүргізу жолға қойылған. Мұндай шара азаматтарды нысаналы түрде оңалтуды, оларға психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуді, сенімдік тұрғыдан райынан қайтаруды көздейді.Осы бағыттағы іс-шараларда ішкі істер министрлігінің түзету мекемелерінде (колонияларда) жазасын өтеушілермен жұмыс жүргізіліп келеді. Елбасы Жолдауында бұл жұмысқа үкіметтік емес секторды тарту керектігі айтылған.
Бүгінде Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған. Еліміз бойынша 28 ұйымды құрайтын оңалту орталығы мен өңірлік желі арқылы жобалар іске асырылуда. Олар деструктивті діни ағымжетекшісі және белсенділерімен жекелеген кездесу өткізеді. Осындай жұмыстар нәтижесінде қазірдің өзінде өңірден келіп жатқан ақпаратжат ағым идеясын ұстанушының дәстүрлі рухани құндылықтарға бет бұрып, қызығушылық таныта бастағанын көрсетуде. Сонымен қатар қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанымын қабылдамайтын көзқарастың күшейе түсуін мемлекет тарапынан іске асырылып отырған жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады.
Сондықтан бұл жұмыс заң жобасында емес, 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасында түзету мекемелеріндегі (колонияларда) деструктивті діни ағым ұстанушыларын дерадикализациялау бойынша ақпараттық-теологиялық және психологиялық-тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді.
Жас қазақ:Теріс ағым өкілдері өз қатарына жастарымызды көбірек тартуға тырысады. Ал мемлекет тарапынан олардың теріс жолға түсіп кетпеуіне нақты қандай шара қолданылып отыр?
Т.Әбуов:Жалпы, сауалдың алғашқы бөлігі тым біржақты дер едім… Өйткені теріс ағым өкілдері жастарымызды қатарына көбірек тартып жатыр деуге болмас. Теріс ағымда жүрген аға буын азаматтарды да кездестіріп жататынымыз анық. Ал мемлекет тарапынан теріс ағымның таралуының алдын алуда қандай жұмыс атқарылып отыр дейтін болсақ, бұл бағытта өте ауқымды жұмыс іске асырылып отыр деп толық сеніммен айта аламын.
Министрлік өз қызметінде дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың жолын кесуге бағытталған көпсалалы жұмыс жүргізуге баса мән береді. Отандастарымыздың 85 пайызы деструктивті идеяға төзбеушілік танытатынын әлеуметтанулық сауалнама көрсетті. Сондай-ақ, діни материалдардың астыртын таратылуын бақылау жолға қойылды. Қазіргі таңда контенттегі құқық бұзушы сайттар анықталып, оларға тыйым салынуда. Кітап пен баспа өніміне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегікітапхана қорларына сараптама жасалуда.
Министрліктің Дін істері комитеті жанынан дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, олардыңкөмегімен елдің барлық өңірінде іс-шара өткізілуде.
Дәл осындай 300-ден астамақпараттық-түсіндіру тобы барлық өңірдегі әкімдіктің жанында жұмыс істейді. Олардың құрамында –3,5 мыңнан астам адам бар. Биылғы жылдыңІ жарты жылдығында өңірдегі дін істері басқармалары жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы республика көлемінде әртүрлі деңгейде 14 646 іс-шараны жүзеге асырып, оған 1 200 000-ға жуық адам қатысқан. Сондықтан тұрғындармен тікелей байланыста болатын ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы – уақыт тәжірибесінен өткен пәрменді тетігінің бірі.
Министрлікжалпы профилактика шеңберінде тұрғындарды радикалды діни ағымның теріс идеясынан сақтандыру мақсатында ақпараттық материал, мақала мен әңгіме-сұхбат әзірлеу және оларды БАҚ-та орналастыру бағытында да ауқымды жұмыс жүргізуде.Орталық және аймақтық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, зайырлылық қағидатын ілгерілету, дәстүрлі құндылықты насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу секілді өзекті мәселелер бойынша көптеген материал жарияланған.
Сонымен қатар, интернет-аудиториямен ағартушылықжұмыс КazIslam.kzинтернет-порталы арқылы жүргізіледі.Осы жұмыстың барлығы қоғамдағы тұрақтылыққа өз әсерін тигізіп отыр.
Жас Қазақ:Кейбір әсіре діншіл азаматтар мемлекет тарапынан бекіткен міндетті екпеден бас тартуда. Екпе алмаған бала балабақша мен мектепке қабылданбайды. Қазіргі талқыланып жатқан дін туралы заңда бұл мәселе қалай қарастырылған. Егер азамат екпеден бас тартса, оған қандай шара қолдануы мүмкін?
Т.Әбуов:Қазақстан Конституциясы 1-бабының 1-тармағында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы мен бостандығы екені анық көрсетілген.
Соңғы жылдары дәстүрлі емес діни ағым өкілдері діни ұстанымына сәйкес келмейтінін сылтау етіп, өзіне немесе отбасы мүшелеріне қатысты түрлі медициналық көмектен, емдік шарадан бас тартуда.
Сол секілді исламда да денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шек қойылмайды.Барлық ислам мемлекетінде аурудың алдын алу құралы ретінде екпенің көптеген түрі қолданылады. Басқаны былай қойғанда, Сауд Арабиясы Корольдігінің өзінде белгілі бір аурудың алдын алатын екпе-вакцина қабылдамағанға қажылық жасауға рұқсат берілмейді.
Тағы бір ескеретін мәселе – екпе қабылдамай, жұқпалы аурумен ауырған әрбір адам өзгенің денсаулығына да қатер төндіреді. Ал әрбір саналы азамат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, өзгенің денсаулығына қатер төндірмеуді де ойлауы тиіс.
Осы күнге дейін ата-аналардың әртүрлі себеппен екпеден бас тартуы қоғамдық мәселе болып қалуда. Бұл мәселенің шешімі заңнама тәртібімен балаларды міндетті түрде екпе салу жолымен жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде балалардың жұқпалы және паразиттік ауруларының алдын алу бойынша ем-дом қабылдауды ата-аналарға міндеттемекші. Егер ата-аналар бұл талапты орындамайтын болса, онда оларға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу ұсынылып отыр.
Сұхбаттасқан
Бейбіт ТОҚТАРБАЙ
№35(659) 8 қыркүйек 2017 жыл