Тұмар; көз тию апаттан қоғану және құтылу үшін жазылатын және адамдардың мойындарына тағылатын нәрсе.
Қорқыныштан, назардан сақтану, аурулардан айығу үшін, дұға жасау және Құран Кәрімнен аятта оқу керек. (Бұхари Фәйдайтүл Құран, 9; Ибн Мәже, Тыб, 35-36).
Аят пен дұға секілді мәтіндердің тері нәрсеге жазылып адамдардың тағуы жайлы Хазіреті Пайғамбардың (с.ғ.с) былай дегені бізге мәлім: «Араларыңнан біреу ұйықтап жатып қорықса «Алланың азабынан және адамдардың жамандығынан, шайтанның азғыруынан және жаныма келуінен, кемшілігі жоқ Алланың сөздеріне сиынамын» десін. Сонда ғана еш нәрсе оған зиянын тигізе алмас.» және Абдуллаһ бин Амрдың осы дұғаны балиғат жасына жеткен балаларына ұйретіп, балиғатқа толмаған балаларға жазып мойындарына іліп қойғаны риуаят етілген (Әбу Дауыт, Тыб, 19).
Кейбір фиқһ деректерінде Құран Кәрімнен аяттар жазылып тұмар ретінде тағылғанның еш әбестігі жоқ екендігін көрсетілген. Сонымен бірге тұмардан жәрдем тілеп, оның қоғаушы күшіне сену, Алладан сұралатын нәрселерді тұмардан күту секілді ақымақтыққа ұрындыратын болса, тұмардың қолданылуы дұрыс емес.
Осы орайда адамдардың сезімдерімен айлакерлердің қулықтарына қарсыда абай болуымыз керек.