ҚМДБ Жастар ісі секторының Қызылорда облысындағы өкілдігі мен «Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен «ЖАҢА КЕЗЕҢ. ЖАҢА ШАҚЫРТУЛАР. НАҚТЫ ІСТЕР УАҚЫТЫ» талқылауы өтті.
Іс-шараға сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығы, Jas Otan ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Рухани жаңғыру» орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті атсалысты.
Кездесуде қазіргі таңдағы жастар арасындағы өзекті мәселелер (есірткі тектес заттар пайдалану, электронды темекі, топтасып төбелесу, әлеуметтік желі, ерте жүкті болу, қаржылық пирамида, автомат ойындары т.б) төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Жиынға тиісті мемлекеттік саланың өкілдері қатысты.
Басқосуда өзекті мәселелерді шешу жолы қарастырылып, ата-аналармен байланысты күшейту, «Жақсылық жаршылары» атты ақпараттық насихаттық топ құру, топтың құрамына түрлі сала өкілдерін қосу және түрлі мекемелердегі ата-аналармен кездесу өткізу сынды ұсыныстар айтылды. Мұнымен қоса әлеуметтік желіде тәрбиелік мәні бар бейнероликтерді арттыру, аталған жұмыстарға медиа мамандарды тарту маңызды екені аталып өтті.
Жиынға қатысушы сала мамандары алдағы уақытта аталған ұсыныстар негізінде жоспар құрып, жүйелі жұмыстар атқаруға келісті.