26 қазан күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Ақтау есептік-технологиялық» колледжі студенттерінің арасында алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қоры, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жайшылықов Дәуіт өткізді.
Колледж студенттеріне Қазақстандағы жаңа діни тенденциялар, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары, әлеуметтік желілердегі теріс бағыттағы материалдар, жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар студенттерге «Діндегі сыни ойлау» видеоролигі көрсетілді.