Ислам діні – жеңілдік діні. Ислам дінінің қағидалары адамдарға қиындату үшін емес, қайта жеңілдету үшін белгіленген. Сол секілді, егер ғұсыл алу барысында кісі бір жерін жууды ұмытып кетсе, кейін есіне түскенде, сол жерін ғана жуса жеткілікті. Бірақ, сол аралықта оқыған намаздарын қайта өтеуі керек. Себебі ғұсыл толық болмағандықтан, сол күйде оқыған намаздарын қайта оқуы қажет.