Шымкент қалалық Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Берік Жүнісовтің айтуынша, жыл сайын жастардың діни сеніміне әлеуметтік желінің әсері қандай деген тақырыпта сауалнама жүргізіледі екен. Мамандар анықтағандай, көп ата-ана балаларының қандай діни контентті тұтынып жүргенін қарамайды. Жастардың бәрі дін туралы мәліметті қазір интернеттен алады. Діни сауаты, яғни ішкі «сүзгісі» жоқ жандар барлық мәліметті бойына сіңіріп, адасып кетуі ғажап емес.