Үндістанның Бихар штатында таңғажайып оқиға орын алды. Биылғы құрғақшылық жергілікті су қоймасындағы су деңгейінің қатты төмендеуіне әкеліп соққан еді. Нәтижесінде осыдан ондаған жыл бұрын су астында қалып қойған көне мешіт қайтадан бой көрсетті.
Нури мешіті 1985 жылы су бөгеті салынғаннан кейін су астында қалған еді.
Құлшылық үйінің тағдыры одан әрі не болары белгісіз. Су деңгейі көтерілсе, қайтадан батып кетуі мүмкін.
Фото: siasat.com