Өткен жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Қиындықта ел бірге» арнайы қайырымдылық жобасы құрылған болатын. Биылғы қыста қардың мол түсуінен, сәуір айы басталғалы күн райының күрт жылынуына байланысты Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шалғын ауылын су басты.
Қысылтаяң кезеңде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин, Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Самат Алибаев қолдау көрсетуге барды.
Қанат Коянбекұлы Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, суға кеткен нысандарды аралап, ауыл тұрғандарымен жүздесіп, елді сабырға шақырды. Ауылдың 60-қа тарта жасөспірім баласына Рамазан сыйлығын тарту етті.
Елдің өтініші бойынша 500 000 теңге көлеміндегі қаражатқа көрпе төсеніштерін алып берді. Ауыл тұрғындары Бас мүфтидің бастамасына ризашылығын жеткізіп, Шалғын ауылының халқының атынан алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі