Күндердің күнінде ұстаз шәкірттеріне өмірлік дәріс берейін деп жұмбақ жасырады. Судың жағасында 3 құрбақа болыпты. Оның біреуі суға секіруге шешім қабылдады. Сонда жағада қанша құрбақа қалды? – деп сұрапты.
Сәл үнсіздіктен кейін бір шәкірті:
– Үш құрбақа, дейді сенімсіздікпен. Сонда ұстазы:
– Дұрыс айтасың. Өйткені, біреуі суға секіруге шешім қабылдағанымен ешқандай әрекет жасамады. Өмірде де сондай жағдайлар көп болады. Ешуақытта шешім қабылдау мен әрекет етуді шатастырмаңдар. Кейде сендер секірген секілді көрінесіңдер, бірақ, шынында әлі де жағада отырғандарыңды сезбей қаласыңдар. Сондықтан алдағы уақытта қандай шешім қабылдасаңдар да мұқият болыңдар және әрекет етуге еш уақытта асықпаңдар, – деген екен.
Жалғас Асхатұлы