Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бастамасымен 2023 жылғы 14 тамызда Петропавл қ.орта мектептері, облыстық мамандандырылған мектептер мен колледждер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына “Оқушы жастарды деструктивті діни ұйымдар идеологиясының ықпалынан қорғау” тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Сөз сөйлеудің жалпы тақырыбы мектеп оқушыларына қатысты заңсыз миссионерлік қызметтің қауіптілігін түсіндіру болды.
Кездесуді аша отырып, дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова іс-шараға қатысушылардың назарын зайырлылық, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу қағидаттарын дамытуға байланысты дін саласының өзекті мәселелеріне аударды, облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі прозелиттік қызмет фактілерін айтты. Басқарма мамандары Е. Сыздықов пен Н.Нұрмағамбет жастарды деструктивті діни ағымдарға, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы тарту технологиялары және олардың қайтымсыз салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесуге қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша тақырыптық брошюралар мен буклеттер, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімдері, ұсынылған діни сайттар бойынша ақпарат таратылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.