Сұрақ: Спорттық ойындардың үстінен бәстесуге бола ма?
Жауап: Немен аяқталатыны алдын-ала белгілі болмайтын бір істің пайымдалған нәтиженің үстінен бәске түсу және дәл түсіп-түспегендігіне байланысты ұтып не ұтпау құмарға жатады.
Бұл іс қандай тәсілмен қандай атпен аталса да құмар деп саналады. Құмар болса харам табыс көзі болып саналып, Исламда қатаң тыйым салынған.
Құран Кәрімде: “Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма? ” (Маида, 5/90) деп бұйырған.
Сондықтан спорттық ойындардың үстінен тараптардың біріне ұтыс беретін бәстесу Құранның тиым салған бөліміне жатады және қабыл көрілмейді.
Ставка тігіп жүргеніме біраз болып еді, енді қою керек болды. Сіздерге рахмет
Түсінікті