Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында 2022 жылдың 29 қыркүйек күні Маңғыстау аренада жаттықтырушылар мен спортшылар арасында “Діни радикализмнің алдын алу” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы Кеңшілік Тышхан жүргізді.
Елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге үлгі етіп келеді. Сонымен қатар әр үш жыл сайын елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер съезі ұйымдастырылатын айта өтсек болады.
Жалпы алғанда жастардың санасы теріс ағымды ұстанушылардың насихатымен уланбауы тиіс десек, оларды бала күнінен қадағалағанымыз дұрыс. Бұл қоғамның басты міндетіне айналғаны жөн деп білемін.
Өйткені бүгінгідей ғаламтор дамыған заманда ата-ана, үлкендер жағы балалардың немен айналысып жүргенін назардан шығармай, бақылауда ұстағаны мақұл. Әлеуметтік желілер арқылы қорғаныс иммунитеті әлсіз адамдарға олар шабуыл жасауларын тоқтатпайды. Интернет беттерінен теріс діни ақпараттар алу арқылы бір отбасы мүшелері бір-біріне қарсы шығады.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.
Шара барысында жаттықтырушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.