Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша №61 мекемесінде К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрымен ынтымақтастықта жұмыс жасалып, сотталғандар үшін қойылым көрсетілді.
Театр актерлері сотталғандар үшін «Соқыр ойын» атты қойылымды ұсынып, оларға дін ұғымының аясы өте ауқымды екенін жеткізді. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан кейбір адамдар ислам дінін соғысу деп, бір жақты түсінеді. Әрине мұндай түсінік ислам дінінің мағынасын шектейді.
Себебі қазіргі заманда дұрыс емес ағымдар өте көп. Солардың кесірінен, яғни діни білімнің аздығынан бауырларымыз адасып, басқа теріс ағымдарға өтіп жатқаны бізге мәлім.
Бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшін аталмыш бағыттағы қойылым оң әсерін тигізгені сөзсіз.
Айта кететініміз, театр актерлері өз рөлдерін бар жан-тәнімен ойнап, көрермендердің шын ықыласына бөленді. Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде өтіп, актерлерге сотталғандар өз ризашылықтарын білдірді.